08 маусым 2019 | 10:36

Қазақстанда тыныштық күні жарияланды

Камила Долаева Журналист

8 маусым Қазақстан президентінің сайлауы қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бүгін жасалған кез келген үгіт-насихат заңсыз саналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 маусым Қазақстан президентінің сайлауы қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бүгін жасалған кез келген үгіт-насихат заңсыз саналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тыныштық күні - дауыс беруге дейінгі күн, бұл күні үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге болмайды. Кез келген насихат кандидат немесе сайлау бірлестігі үшін зиян тигізеді. 

Реклама
Реклама

Ел президентін сайлау 9 маусымда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау дауыс беру аяқталған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижесі аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ге екі күнде (2019 жылдың 11 маусымынан кешіктірмей) жеткізіледі.

Естеріңізге салсақ, 7-12 маусым аралығында Қазақстан полициясы күшейтілген қызметке көшті. "9 маусымда сайлау күні барлық жерде 21 мыңнан аса полицей жұмыс істейді. Мұндай шаралар сайлау өтетін күндері әрдайым болады", - деп түсіндірді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная