Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібі қатаңдатылатын болды

10 Сәуір 2015, 16:08
0
© Tengrinews.kz мұрағатынан
© Tengrinews.kz мұрағатынан

Биыл Ұлттық біріңғай тестілеу ережелері қатаңдатылады, - деп хабарлайды YK-news.kz Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің маркетинг және жоғарғы оқу орнына дайындық орталығының басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Людмила Гейцке сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, биыл телефон немесе шпаргалка табылса - тәртіп бұзған оқушы аудиториядан шығарылады және бұл емтиханды тек бір жылдан кейін ғана тапсыра алады. Мұндай қатаң тәртіпті енгізуге тестілеу кезінде тәртіп бұзушылықтың көп тіркелуі себепші болған. Дегенмен, шпаргалка қолданғандарды шығарып жіберу нормативтік тәртіпте бұрыннан бар. Бола тұра, өткен жылғы ҰБТ кезінде 27 мың шпаргалка мен ұялы телефон тәркіленген.

"Шпаргалкалар мен телефондардың басым бөлігі дәл аудитория ішінде тәркіленді. Яғни, тестілеуге қатысқан 80 мың адамның әрбір үшіншісі аудиторияға шпаргалкамен кірген. Бірақ Өскеменде 2014 жылғы тестілеу кезінде бірде-бір қатысушы аудиториядан шығарылған жоқ", - делінген жарияланымда.

Людмила Гейцманның айтуынша, бұл жағдай Білім және ғылым министрлігін алаңдатып отыр. "Біз талаптардың күшейтілуін күтіп отырмыз. Егер әрбір қатысушы ұялы телефонды пайдаланғаны үшін ҰБТ-дан шығарылатынын білсе, тәуекелге бармайтын еді", - дейді ол.

Айта кетейік, бұл Білім және ғылым министрлігі енгізіп отырған алғашқы қатаңдату шарасы емес. Бірнеше жылдан бері аудиторияларда ұялы байланысты сөндіретін құралдар жұмыс істеп келеді, ал ғимаратқа тек металл іздегіштер арқылы ғана кіруге болады. Ал биыл, республикалық ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, барлық тест тапсыру мекемелерінде тұңғыш рет осы құрылғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қадағалайтын техникалық қызметкерлер болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай