14 қараша 2016 14:13

Қазақстанда Универсиада-2017-ге спортшыларды дайындауға барлық жағдай жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sport.gov.kz © sport.gov.kz

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысы барысында Универсиада-2017-ге спортшыларды дайындау шараларының жоспары туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 


ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысы барысында Универсиада-2017-ге спортшыларды дайындау шараларының жоспары туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Универсиадада спорттық көрсеткіштер жетістіктері бойынша спорттық резервтің мақсатты бағытталған дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

ҚР БҒМ тарапынан жоспарланған 29 оқу-жаттығу даярлықтарының 13-і өткізілді, ойын алдында Универсиаданың спорт құрылыстарын тексеру мақсатында қалғандары биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Олимпиадалық дайындық орталығының желісі бойынша биылғы жылдың 10 айында 115 спорт шарасы өткізілді, Ұлттық штаттық командалар дирекциясы мен спорттық резерв осы кезеңде 168 спорт шарасын ұйымдастырды.

Бұдан өзге, 2016 жылға арналған бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Универсиадаға дайындық аясында Алматы қаласында 5 тестілік жарыс өткізу көзделген.

Қазіргі уақытта 227 мықты спортшы дайындалып жатыр, олардың 121-і жігіттер және 106-сы қыздар. Олармен 66 бекітілген маман жұмыс жасауда, олардың арасында жаттықтырушылар, дәрігерлер, массаж жасаушылар және т.б. бар.

Универсиадаға қатысуға үміткерлер құрамына еліміздің барлық жетекші спортшылары, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен, фристайлдан Юлия Галышева, Павел Колмаков, Жанбота Алдабергенова, конькимен жүгіру спортынан Роман Креч, Станислав Палкин және шорт-тректен Айдар Бекжанов, Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша енді.

Айта кетер болсақ, Қазақстан Тәуелсіздік жылдары он екі Дүниежүзілік Универсиадаға қатысып, 44 медальді еншіледі, олардың 18-і алтын, 13-і күміс және 13-і қола. 

Сонымен қатар, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Алматыда Универсиада-2017 өткізуге дайындықты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Бақытжан Сағынтаев Универсиада жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі керектігін, себебі мұндай жарыстар спортсүйер қауымды көптеп тартатынын атап өтті.

Премьер-министр Алматы әкімдігіне, Мәдениет және спорт министрлігіне барлық ұйымдастырушылық кезеңдер бойынша және еліміздің құрама командасын дайындау бойынша сәйкес жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, премьер-министр облыстар, Астана және Алматы әкімдеріне Дүниежүзілік Универсиада Алауы эстафетасының өңірлік кезеңдерін өткізуді айрықша бақылауға алуды тапсырды.

Еске салайық, Универсиада-2017 Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада сайыстарына 50-ден астам елден 2 мың спортшы қатысады. Сайыстар 12 спорт түрі бойынша өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети