01 сәуір 2014 11:35

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mln.kz сайтынан Фото mln.kz сайтынан

Бүгін, сәуірдің 1-нен бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жалақының мөлшері өсті. Осыған орай, Мемлекет басшысы кеше тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін, сәуірдің 1-нен бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жалақының мөлшері өсті. Осыған орай, Мемлекет басшысы кеше тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Енді, базалық зейнетақы 12 пайызға өсіп, 10450 теңгеге жетеді. Оны 1,9 млн. зейнеткер алады. Ал еңбек зейнетақысының орташа мөлшері 14 пайызға, яғни 46 661 теңгеге дейін өсетін болады. № 1 тізім бойынша мүгедектігі, асыраушысынан айырылуына байланысты және жасына қарай төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ №2 тізім бойынша бала туу және бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік көмек бұған дейінгі 7 пайызбен бірге 12 пайызға дейін көтерілмек. Сөйтіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар орташа есеппен 21 323 теңге алса, асыраушысынан айырылғандарға ай сайын 19 804 теңге беріледі.

Бұдан бөлек, №1 тізім бойынша аса зиянды және аса ауыр жұмыс істеген азаматтардың әлеуметттік жәрдемақысы - 17 451 теңге, №2 тізім бойынша 15 512 теңгені құрайтын болады.

Азаматтық қызметкерлер де тыс қалмайды. Олардың еңбекақысы 10 пайызға артады. Үкіметтің мәліметіне сәйкес, 1,5 млн.-ға жуық азаматтық қызметкердің жалақысы өспек. Олардың 1,1 млн.-і - азаматтық қызметкерлер, 236,8 мыңы - кәсіби емес жұмысшылар, 88,5 мыңы - штаттан тыс қызметкерлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети