19 қазан 2014 17:34

Қазақстандағы KFC өкілдері құрттаған тауық еті туралы фотоға түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото aida_astana-ның Twitter парақшасынан алынды Фото aida_astana-ның Twitter парақшасынан алынды

Қазақстандағы KFC өкілдері тауық етінің құрттап кеткенін көрсететін фотоға байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құрттаған тауық еті туралы ақпаратты интернет пайдаланушылар таратқан.


Қазақстандағы KFC өкілдері тауық етінің құрттап кеткенін көрсететін фотоға байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құрттаған тауық еті туралы ақпаратты интернет пайдаланушылар таратқан.

"ВКонтактідегі бұл суретті біз де өзіміздің KFC Қазақстан тобымызда "Бұны Астанада жасайды" деген тақырыпта көрдік. Бұл жасанды сурет деп ойлаймын. Негізінен интернеттегі түпнұсқасын тауып алу керек. Мәселен, Google мен Yandex секілді желілер әлгі суреттің бұрындары басқа қандайда бір сайттарда жарияланғанын немесе жарияланбағанын анықтауға мүмкіндік береді. Сонда фотосуреттің ескі екені анықталып, қазақстандық KFC мейрамханаларына ешқандай қатысы болмай қалады. Суретті әлдеқашан вьетнамдық әлдебір сайтта және көптеген басқа сайттарда да пайдаланған", - дейді KFC Қазақстан жарнама-агенттігінің диджитал-директоры Алексей Феоктистов.

Ол сондай-ақ, бұл фотоның қайдан пайда болғанын білмейтінін "кәсіби маман мұндай суретті фотошоппен он-ақ минутта жасап шығаруы мүмкін екенін" айтты.

Феоктистовтың сөзіне қарағанда, KFC Қазақстан өкілдері ВКонтакті тобындағы бұл суретті өшіріп тастап, оған KFC Қазақстанның ешқандай да қатысы жоқ екенін жазған.

"KFC-дің барлық өнімі сертификатталған. Саудаға шығарылмас бұрын тағам дайындалатын өнімдердің  технологиялық картада көрсетілген талаптарға сәйкес келетіні тексеріліп, компания ішінде болсын, жекелей сатумен айналысатын мекемелерде болсын қатаң сұрыптаудан өтеді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети