08 қаңтар 2015 11:47

Қазақстандағы босқындар Алматыда тұрғанды қалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ridus.ru сайтынан алынды Фото ridus.ru сайтынан алынды

Қазақстандағы босқындардың басым бөлігі Алматыда тіркелген. Мұндай мәліметті ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Қазақстандағы босқындардың басым бөлігі Алматыда тіркелген. Мұндай мәліметті ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Ішкі істер министрілігінің хабарлауынша, 2015 жылдың 1 қаңтары күнгі мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі берілген 640 адам бар. Олардың басым бөлігі Алматыда тіркелген, олардың саны - 394 адам, ал Оңтүстік Қазақстанда - 192, Жамбыл облысында - 5 және Алматы облысында 49 адам бар", - делінген Tengrinews.kz сауалына берілген жауапта. 

Босқын мәртебесін алғандардың 602-сі Ауғанстанның, біреуі Сомалидің, біреуі Эфиопияның, 12-сі Сирияның, бесеуі ҚХР-дың, 16-сы Өзбекстанның және тағы үшеуі - басқа да елдердің азаматы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz Гуантанамоның бұрынғы тұтқындарының Қазақстанға пана іздеп келгені туралы хабарлаған болатын. Ол кезде Қазақстанға пана іздеген бес адам келді. Мұның алдында АҚШ үкіметі оларды жасаған қылмыстары бойынша айып тағуға дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты Гуантанамо базасынан босатқан. Қазақстан Республикасы жеке өтініштері және БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының тиісті сұранымы негізінде және халықаралық міндеттемелерге, соның ішінде, 1951 жылы қабылданған Босқындар туралы конвенцияға сәйкес, сонымен бірге гуманистік тұрғыдан аталған адамдарды қабылдауға келіскен болатын.

Бұл адамдарға пана іздеушілер деген мәртебе берілгені хабарланған болатын. Бірақ әзірше оларды босқындар деп тану туралы шешім қабылданған жоқ. Гуантанамоның Қазақстанға әкелінген тұтқындарының қайда екені жайлы ақпарат құпия сақталып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети