30 сәуір 2015 15:43

Қазақстандағы ең қарт Ұлы Отан соғысының ардагері 106 жаста

ПОДЕЛИТЬСЯ

@24.kz @24.kz

Қазақстандағы ең қарт ҰОС ардагері 106 жаста. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақұпова Tengrinews.kz тілшісінің арнайы сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді. Оның айтуынша, 1908 жылдың 20 қыркүйегінде дүниеге келген ардагер қазір Павлодар қаласында тұрады. Айта кетейік, осы жылы Ұлы Отан соғысының көптеген ардагері 80-90 жасқа келгендерін атап өтті. Елімізде барлығы 4715 соғыс ардагері қалды, оның 1362-сі соғыстан мүгедек болып оралғандар.

Сонымен қатар, Қазақстандағы ең жас ҰОС ардагері 85 жастағы Надежда Аюханова. Ол 1929 жыдың 10 желтоқсанында дүниеге келген. Қазір ол Қарағанды облысының Шахтинск қаласында тұрады. Ведомство өкілдері еліміздің әр аймағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің санын да айтып өтті. Ең көбі Алматыда. Олардың саны - 839. Ең азы Маңғыстау облысында. Олардың саны - 60. Шығыс Қазақстан облысында 594 ардагер қалса, Оңтүстік Қазақстан облысында 432 ардагер бар. Қарағандыда - 339, Қостанайда - 330, Солтүстік Қазақстан облысында - 272, Павлодар облысында - 247, Батыс Қазақстан облысында - 243, Жамбыл облысында - 237, Ақмола облысында олардың саны - 211, Ақтөбеде - 169, Қызылорда облысында - 93, Атырау облысында - 82. Астанада 211 Ұлы Отан соғысы ардагері бар. Сонымен қатар, республика бойынша 202 92 тыл ардагері өмір сүріп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында 200 алматылыққа пәтер кілттерін тапсырғанын хабарлаған едік. Сонымен қатар, Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай, ҰОС ардагерлеріне электр қуатының ақысын төлеуге жеңілдіктердің берілетіні хабарланған болатын. 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін соғыс ардагерлері ай сайын 70 кВт электр қуатынан босатылады. Осы уақыт аралығында ардагерлер белгіленген көлемнің үстінен қолданылған электр қуатына ғана төлейді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети