Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстандағы кейбір театрлар бұрын шіркеу болған

11 Ақпан 2014, 12:39
0
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Фото inform.kz сайтынан
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Фото inform.kz сайтынан
Қазақстанда ондаған театрлар кеңестер кезінде мүлдем басқа мақсаттарға салынған ғимараттарда орналасқан. Олардың кейбірі бұрын шіркеу болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Қазақстанға кеңестер заманынан мұра болып қалған 34 театрдың тек 21 ғана типтік, яғни арнайы салынған ғимаратта орналасқан болатын. "Ал қалғандары болса, XIX ғасырда немесе XX ғасыр басында түрлі мақсаттарға салынған әр алуан ғимараттарды орналасқан. Мәселен, 1983 жылы ашылған Шымкенттегі қуыршақ театрына 1911 жылы бой көтерген Никольск шіркеуінің ғимараты берілген. Ол әлі күнге дейін сол ғимаратта отыр", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында министр М.Құл-Мұхаммед.

Министр атап көрсеткендей, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры бұрынғы аудандық партия мектебінің акт залында орын тепкен. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры - облыстық партия комитетінің ғимаратында, Түркістандағы музыкалық драма театры - 1938 жылы салынған ескі кинотеатрда, ал астаналық жастар театры Оқушылар сарайында отыр. Осыған байланысты М.Құл-Мұхаммед Үкімет басшысынан театр ғимараттарын салу мәселесіне ерекше көңіл бөлуды сұрады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай