15 тамыз 2014 13:57

Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы мен дамуы жайы Мәскеуде талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РФ-дағы ҚР елшілігі сайтынан алынды Сурет РФ-дағы ҚР елшілігі сайтынан алынды

Ресейдегі Қазақстанның төтенші және өкілетті елшісі Марат Тәжин ТМД істері, шетелде тұратын отандастар және халықаралық әріптестік жөніндегі федеральдық агенттіктің төрағасы Константин Косачевпен кездесті деп хабарлайды РФ-дағы Қазақстан елшілігі сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.


Ресейдегі Қазақстанның төтенші және өкілетті елшісі Марат Тәжин ТМД істері, шетелде тұратын отандастар және халықаралық әріптестік жөніндегі федеральдық агенттіктің төрағасы Константин Косачевпен кездесті деп хабарлайды РФ-дағы Қазақстан елшілігі сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Қазақстандағы орыс тілінің қазіргі жағдайы мен дамуы мәселесіне тоқталған бас қосушылар мемлекет тарапынан оның жан-жақты қолдауға ие екенін, барша қазақстандық қоғам орыс тілін пайдаланатынын, қазақ тілімен күнделікті өмірде қатар қолданылатынын және "сырттан" қандай да бір "қорғауды" талап етпейтінін нақтылады" делінеді хабарламада.

Әңгіме барысында Ресей әріптестігінің орыс тілін оқытуды жетілдіру, қазақстандық мамандарды лингвистикалық сынақтан өткізу, Орыс тілі және әдебиеті күндерінде қойылатын фестивальдерді, алдыңғы қатарлы ресейлік театрлар гастрольдерін ұйымдастыру саласында жүзеге асырып жатқан жобалары Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай мәдени-гуманитарлық кеңістігін дамытуға қосқан құнды үлес боп табылатындығы атап өтілді.

"Ресей әріптестігінің міндеті ары қарайғы интеграциялық процестер үшін абсолютті іргетас боп қаланатын мәдени-рухани құрамды қамтиды. Территорияларымыздың өркениетті түрдегі біртұтастығы, біздің мәдени құндылықтардың ортақ жүйесі бұл жұмысты мазмұн жағынан байыта түседі" деп атап өтті Тәжин.

Оның пікірінше, біріккен тиімді жұмыстардың өмірдегі көрінісі алдағы күзге жоспарланған Мәскеудегі қазақстандық және ресейлік жазушылардың кездесуі, Дмитрий Лихачев, Льев Гумилев, қытайтанушы Василий Алексеев сынды ресейлік авторлардың мәдениеттану саласындаңғы атақты еңбектерінің қазақ тіліне аудару бағдарламасын жүзеге асыру боп табыла алады.

Сондай-ақ Ресейдің алдыңғы қатарлы Эрмитаж, Третьяков мұражайларындағы экспозицияларды Қазақстанның мұражайларына, әсіресе Астанадағы Ұлттық мұражайға әкеп, үнемі көрсетіп тұру жағы да сөз болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети