27 сәуір 2015 13:07

Қазақстандағы сайлау балама сипатқа ие - Лебедев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы сайлау балама сипатқа ие. Бұл туралы ТМД халықаралық байқаушыларының баспасөз конференциясы барысында ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы, ТМД орындаушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы сайлау балама сипатқа ие. Бұл туралы ТМД халықаралық байқаушыларының баспасөз конференциясы барысында ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы, ТМД орындаушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайлаудың балама сипатын ерекше атап өткім келеді. Біздің елдердегі кейбір сыншылар сайлауды баламасыз сипатқа ие деп айтатын және айтып та келеді, бірақ өзге кандитаттардың өмірбаяндарына қараңыздар және сіздер олардың еңбектері сіңген, тәжірибелі қызметкерлер екенін және қазір де жоғары лауазымға ие екендерін, құрметті азаматтар екенін көресіздер. Сондықтан альтернатива болды, бірақ Қазақстандағы жағдай мынадай, әрине көш басындағы адам талассыз беделге ие болады", - деді Лебедев.

Оның айтуынша, мұндай жағдай тек ТМД-да ғана болмайды. "Мемлекет басшысының өз беделінің арқасында талассыз құрметке ие болып, сайлауда жеңіп шығатын кездері болады. Бұған ұқсас жағдайды біз батыстан да, шығыстан да көреміз, бұл жерде өзгеше ештеңе жоқ, сондықтан Қазақстан Республикасында болсын, өзге көршілес елдерде болсын осыған ұқсас жағдайларға қатысты сын айтуға негіз көріп тұрған жоқпыз", - деді ТМД орындаушы комитетінің төрағасы.

Еске сала кетейік, орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті сайлауында 97,7 пайыз дауыс жинады. Әбілғазы Құсайыновқа сайлаушылардың 0,63 пайызы, ал Тұрғын Сыздықовқа қазақстандықтардың 1,87 пайызы дауыс берді. Сайлаушылардың қатары 95,22 пайызға тең болды. ТМД елдерінің халықаралық бақылаушыларын Қазақстанда өткен сайлауға қатысқан сайлаушылар таңғалдырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети