30 қаңтар 2015 19:11

Қазақстандағы түрік диаспорасының 97 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©forum.ahiskaliyuh.biz ©forum.ahiskaliyuh.biz

Қазақстандағы түрік диаспорасы өкілдерінің 97 пайызы қазақ тілінде сөйлейді, елде қазақ мектептерінде оқитын түрік балаларының қатары соңғы 20 жыл ішінде 58 пайызға артты. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Ахыска" республикалық түрік ұлттық-мәдени орталығының басшысы Зиятдин Қасанов айтты.


Қазақстандағы түрік диаспорасы өкілдерінің 97 пайызы қазақ тілінде сөйлейді, елде қазақ мектептерінде оқитын түрік балаларының қатары соңғы 20 жыл ішінде 58 пайызға артты. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Ахыска" республикалық түрік ұлттық-мәдени орталығының басшысы Зиятдин Қасанов айтты.

"Түрік халқының арасында 1997 жылы мемлекеттік тілде білім алған оқушылардың саны 20 пайыз болатын, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болды, 2005-2007 жылдары 55 пайыз, ал 2010 жылы 65 пайыз түрік мемлекеттік тілді меңгерді. Ал бүгінгі таңда оқушыларымыздың 78 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Біз түбі бір түркі халықтарымыз, сондықтан да халықтың 97 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеп жүр", - дейді ол.

Оның айтуынша, шетелден Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін түрік кәсіпкерлері арасында да қазақша сөйлейтіндер өте көп. "Қазақстан Тәуелсіздігін алған 24 жылдың ішінде ешкімге қазақ тілін үйрен деп, зорлап талап қойған жоқ. Қазақстанның кең жері сияқты қазақ халқының жүрегінің кеңдігі сонша, қандай ұлт өкілі болмасын Қазақстанда өзін еркін сезінеді, бұған бәріміз де күәміз. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын барлық ұлттың өкілі қазақ халқының дәстүрін, тарихын, мәдениетін, тілін біледі, құрметтейді", - дейді ол.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекеленетіні белгілі. Зиятдин Қасанов осы мерейтойларға байланысты, ең біріншіден, халқымызды бірлікке, татулыққа, достыққа шақыратын шараларды өткізу керек деп есептейді. "Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен қарттардың қатары жыл өткен сайын азайып барады. Сондықтан Елбасымыз 2015 жылы ардагерлердің әрқайсысына жеке-жеке алғысхат пен сыйлықтар ұсынса деймін, біз де этномәдени орталық ретінде өз жоспарымыз бойынша Жеңіс күніне арналған үлкен мерекелік кешімізді дайындап жатырмыз", - дейді ол.

Сонымен бірге оның пікірінше, Ассамблеяның 20 жылдығына орай 20 игі іс тындыру керек, әсіресе, мемлекеттік тілді үйретуге баса назар аударған жөн. Еске сала кетейік, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланған еді. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президенті жанындағы консультация-кеңесу органы ретінде құрылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети