17 қараша 2017 17:44

Қазақстандағы үздік жол полицейі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ШҚО ІІД © ШҚО ІІД

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жол- патрульдік полиция қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы республикалық "Үздік маман" конкурсы өтіп, оның жеңімпаздары анықталды. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жол- патрульдік полиция қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы республикалық "Үздік маман" конкурсы өтіп, оның жеңімпаздары анықталды. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 14-17 қараша күндері аралығында Астана қаласында өткен қорытынды байқауға республиканың өңірлерінен 16 жол- патрульдік полиция қызметкері қатысты.

Конкурс барысында тәртіп сақшылары көліктің екі түрінен маневр жасау, алғашқы медицалық көмек көрсету, қоян-қолтық күрестің тәсілдерін меңгеру, қаланың күрделі көше қиылыстарында қолмен реттеу сындарынан өту қажет еді.

Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылар табелдік және автоматты қарудан оқ ату, дене-шынықтыру дайындығы, нормативтік-құқықтық актілерді білу, оқ ату және қызметтік дайындық теориясын меңгеру біліктіліктері бойынша бағаланды.

3 күндік байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды полиция аға лейтенанты Ержан Нұрахметов (Шығыс Қазақстан облысы) иеленсе, қалған 2 және 3 орындарды Айдын Нұрымов (Павлодар облысы) пен полиция сержанты Денис Анучин өзара бөлісті (Қостанай облысы). Сондай-ақ байқау жеңімпаздары "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" және "Қазақстан полициясына 25 жыл" медальдарымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен, ақшалай сыйақымен марапатталды.

ІІДмәліметінше, жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің қылмыстарды ізін суытпай ашуы өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға (223 835-тен 24 645-ке дейін,) оның ішінде: кісі өлтіру қылмысын ашу 27,7 пайызға (90-нан 115-ке дейін) және ауыр дене жарақатын келтіру қылмысын ашу 10 пайызға ( 522-ден 575-ке дейін) өскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети