14 шілде 2015 14:15

Қазақстандық 1000 әскери қызметші жаңа пәтер алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mod.gov.kz ©mod.gov.kz

Қазақстандық 1000 әскери қызметші жаңа пәтер алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық 1000 әскери қызметші жаңа пәтер алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл жоспарланған тұрғын үй құрылысының бүгінге дейін 60 пайызы аяқталды. Қазіргі уақытта барлық нысандарда ішкі жөндеу жұмыстары мен оған тиесілі аумақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Жоспар бойынша жарты жылдан кейін ҚР ҚК 1000 әскери қызметшісінің және олардың отбасы мүшелерінің жаңа пәтерлерге қоныстанатыны хабарланып отыр. Астана, Алматы қалаларында, Гвардейск әскери қалашығында, сондай-ақ, Сарыөзек, Бауыржан Момышұлы, Отар және Арнасай ауылдарында жаңа тұрғын үйлер тұрғызылып жатыр. Нақтылап айтсақ, 1000 тұрғын үйдің жалпы аумағы - 70 459, 7 шаршы метр. Биыл барлығы 92 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй алаңын тұрғызу, жөндеу және тапсыру жоспарланып отыр. Оның аясында Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында,сондай-ақ Гвардейск, Сарыөзек, Бауыржан Момышұлы, Отар, Арнасай және Ақмол ауылдарындағы 1 320 әскери қызметші қызмет өтеп жүрген орындарында сапалы жай-күймен қамтамасыз етіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети