27 шілде 2015 17:40

Қазақстандық әншілер селден зардап шеккендерге көмектесу үшін 364 мың теңге жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әншілер селден зардап шеккендерге көмектесу мақсатында қайырымдылық концерт берді. Нәтижесінде 364 мың теңге жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әншілер селден зардап шеккендерге көмектесу мақсатында қайырымдылық концерт берді. Нәтижесінде 364 мың теңге жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Концертке All Davay, "Дервиши", Domino, Indigo топтары мен Әбдулкәрім Кәрімов, Ғаділбек Жанай, Әли Оқапов, Абай Әбішев, Айжан Нұрмағамбетова, Айнұр Ешманова, Мәдина Сәдуақасова мен Дильназ Ахмадиева қатысты. Билет құны екі мың теңге болды.

"Мұндай жағдай бәріміздің басымызда болуы мүмкін. Сондықтан да біз үшін адам ретінде қолдау білдіру маңызды. Ешкім өзін қорғансыз сезінбеулері керек", - деді ұйымдастырушылар.

Қазір әншілер еріктілер жұмыс істеп жатқан штабқа кетті. "Біз қаражатты нақты қайда жіберу керектігін білу үшін және адамдарға не керек екенін анықтау мақсатында қазір оқиға орнына барамыз", - деді All Davay тобының әншісі Шоқан Маратұлы.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 1036 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 51 бала бар.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети