07 қыркүйек 2015 13:28

"Қазақстандық арман" заңнамада бекітіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Мәңгілік Ел" идеясы заңнамада бекітіледі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қатысты заңдағы түзетулер жайында жобаның таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Мәңгілік Ел" идеясы заңнамада бекітіледі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қатысты заңдағы түзетулер жайында жобаның таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын таныстырған мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов түзетулердің Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттің, бейбітшіліктің және рухани татулықтың негізгі ұстанымы мен іргетасы деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздеріне негізделгенін айтты.

Оның мәлімдеуінше, Президент "Мәңгілік Ел" идеясы арқылы азаматтық теңдік, еңбекқорлық, адалдық, бай ел, ғылым мен білімге табынушылық сынды қазақстандықтардың құндылығын біріктірудің маңыздылығын айшықтап берді.

"Осыған байланысты 2008 жылдың 20 қазанында шыққан Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңына тиісті түзетулер мен толықтырулар енгізу ұсынылды, ол жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыру үшін ҚХА міндеттері мен әрекеттерін кеңейтуге жол ашады", - деді Әзілханов.

Бұл заң жобасында "Мәңгілік Ел" идеясының құндылықтары негізінде елімізде ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету қарастырылған, баяндама жасаушының ойынша, ол бірыңғай мақсат пен міндет шеңберінде қоғамды біріктіруде ҚХА рөлін нығайта түседі.

Этносаралық қарым-қатынас саласында қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттары өзара әрекетінің тиімділігін арттыру ұсынылды.

Жобаны жасаушылар Ассамблея мақсаттарына "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясына азаматтық бiртұтастық, қазақстандық патриотизм, рухани-мәдени өзара iс-қимыл мен ұлтаралық қатынастардың үйлесiмділігi негiзiнде қазақстандық сәйкестiктi қалыптастыру және нығайту туралы айтылған норманы біріктіру керек деп есептейді.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс сапасын одан әрі көтеру үшін, Ассамблеяның жыл сайынғы Мемлекет басшысына беретін есебі туралы норманы енгізуді ұсынамыз, олардың арасында "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылу есебі де бар", - деп мәлімдеді вице-министр.

ҚХА депутаты Ахмет Мурадов журналистер назарын Ассамблея ұсыныстарын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың есебі қарастырылған жаңа нормаға аударды.

"Сессияларда шешім қабылдай отырып, біз ұлтаралық бірлік пен этносаралық келісіммен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге қатысы барлардың барлығына арналған міндет екеніне сенімді болуымыз керек. (...) ҚХА-ның әрбір сессиясы ұсыныс тастап, әрбір мемлекеттік органға міндет жүктейді, бірақ олардың орындалмауына қатаң сұраным болған жоқ. Ал жаңа редакцияда, олар орындау жөнінде жыл сайын есеп беруге міндеттелсе, онда мемлекеттік органдардың барлығына ҚХА туралы заңды орындау туралы өз жауапкершілігін түсіну керек болады", - деді Мурадов.

Осы сәтте заң жобасы бойынша жұмыс тобының басшысы, депутат Егор Капель ұсынылып отырған түзетулердің ресми түрде айтылғанын және ҚХА-ның мемлекеттік органдарға берген ұсынымдарын міндетті түрде орындауы туралы айтылмағанын мәлімдеді. 

"Бүгінгі таңда бұл ұлы даланың "Мәңгілік Ел" идеясына жасалған бірінші қадам, ол заңнамалық өріске қосылады. "Мәңгілік Ел" - бұл патриоттық акт, біздің ел көпұлтты, жүзден аса ұлт бар және бұл саяси әрекет, ол біздің елді бірлікке жетелейді - бұл біріншіден. Екіншіден - ол біздің елді толеранттыққа жетелейді, тең құқықтар елі боламыз. Ол бүгін де бар, бірақ біз "ақылды елді" делік, нығайта түсеміз", - деп заң жобасының мағынасын түсіндіруге тырысты Капель БАҚ өкілдеріне.

"Мәңгілік Ел" арманы ұлы дала халқының жаны арқылы өтті - қазақ батырларының, олардың ұрпақтарының және олардан кейін қоныстаған адамдардың. Ол арман бүгінгі таңда бізге берілуі тиіс, біз өскелең ұрпаққа. Бұл заң жобасы - "Мәңгілік Ел" ұлы идеясына жасалған алғашқы қадам, бірінші кірпіш, ол бүгін заңнамалық алаңға қосылады", - деді Капель.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети