03 қыркүйек 2015 12:09

Қазақстандық әскерилер Бейжіңнің бас алаңында жүріп өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрі © ҚР Қорғаныс министрі

Қазақстандық әскери қызметкерлер Жапониямен соғыстағы қытай халқы Жеңісінің 70 жылдығы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдарстырылған шеруде Бейжіңнің бас алаңы Тяньаньмэньда жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық әскери қызметкерлер Жапониямен соғыстағы қытай халқы Жеңісінің 70 жылдығы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдарстырылған шеруде Бейжіңнің бас алаңы Тяньаньмэньда жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан бұл  шараға ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрмет қарауыл ротасы қатысты. Қытайдың бас алаңымен 32 қорап адымдап өтті, оның 15-і шеруді өткізіп отырған Қытай елінің әскерилері. Ерекше дайындалған қазақстандық 76 әскери қызметкерден тұратын қорап қытай маршының әуенімен Бейжіңнің бас алаңында шетел қораптары арасында жетінші болып өтті.

Айта кетейік, шеруге 17 елдің әскери қызметкері қатысты. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Пәкістан, Куба, Мексика, Сербия, Мысыр елдерінің әскерилері бар. 

"Біз ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы Қытайдағы парадта Қазақстанды көрсету мүмкіндігі берілгенін мақтаныш тұтамыз. Бұл іс-шарада біз қазақстандық армияның қуаты мен айбынын көрсетіп, елімізді жоғары деңгейде танытқанымызға сенімдіміз", - деді құрмет қараулы ротасының командирі капитан Мақсат Байжігітов.

Дайындық уақытында ҚХР халықтық қарулы полициясы Бейжің командалық училищесінің аумағында 6 бірлескен жаттықтыру өткізді. Онда шет елдердің әскери қызметкерлері орналастырылып, дайындықтан өтті. Еске сала кетейік, Құрмет қарауыл ротасына еліміздің Қарулы Күштерін көрсетуге машықтанған 22 мен 28 жас аралығындағы қазақстандық армияның үлгілі әскери қызметкерлері іріктеліп алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети