08 қаңтар 2020 16:37

Қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшудан бас тарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшудан бас тартуды ұсынды. Қазақстандық әуе компаниялар қалыптасқан жағдайға байланысты көрсетілген ұшуларды тиісті елдердің навигациялық қызметтерінің келісімі бойынша Иран әуе кеңістігіне баламалы әуе жолдары орындау мәселесін пысықтап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі арқылы екі қазақстандық әуе тасымалдаушы - "Эйр Астана" және "SCAT" тұрақты рейстерді орындайды.

"Эйр Астана" әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Нұр-Сұлтан - Дубай (аптасына 5 рет) және Алматы - Дубай (аптасына 10 рет) бағыттары бойынша ұшуларды орындайды.

"SCAT" әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Алматыдан Медина мен Жиддəға (аптасына бір рет) екі тұрақты рейсті және Алматы - Шарм Эль-Шейх және Шымкент - Шарм Эль-Шейх бағыттары бойынша екі тұрақты емес рейсті орындайды.

Сонымен қатар, БАӘ әуе компаниялары "Fly Dubai" - (Дубай - Нұр-Cұлтан - аптасына 5 рейс, Дубай - Алматы - аптасына 7 рейс), "Etihad" (Абу-Даби - Нұр-Сұлтан - аптасына 2 рейс) "Air Arabia" (Шарджа - Алматы- аптасына 5 рейс) Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға тұрақты ұшуларды (барлығы аптасына 19 рейс) орындайды. "Mahan Air" ирандық әуе компаниясы Тегеран - Алматы бағыты бойынша тұрақты түрде ұшады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети