07 қазан 2014 13:35

Қазақстандық банк қызметкерлерін төрткүндік жұмыс аптасына көшірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@РИА Новости @РИА Новости

RBK банкі клиенттермен жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері үшін шығармашылық күн енгізіп, оларды 32 сағаттық жұмыс аптасына көшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


RBK банкі клиенттермен жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері үшін шығармашылық күн енгізіп, оларды 32 сағаттық жұмыс аптасына көшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың 6 қазанынан бастап, "Bank RBK" АҚ бөлшек несиелеу, кассалық қызмет көрсету, филиалдардың операциялық бөлімшелері сияқты бағыттағы жұмысшылардың еңбекақысын сақтай отырып, төрткүндік жұмыс аптасын енгізді. Алдағы уақытта банктің басқа да бөлімшелері, соның ішінде, бас кеңсе қызметкерлерін де жаңа жұмыс кестесіне көшіру жоспарланып отыр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған қызметкерлері режиміндегі бесінші жұмыс күні - шығармашылық күн олардың өзін-өзі дамытуына, біліктілігін арттыруына және психологиялық ауырлығын азайтуға арналған.

Банк басшылығы жаңа бастама әсіресе клиенттерге қызмет көрсетуге жауапты жұмысшылар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп есептейді. 

"Банк жұмысшысы жаңа бастамадан не ұтады? Жалақы мен сыйақының қазіргі деңгейінде көп бос уақытқа ие болады. Ол бұл уақытты өзі үшін, өз отбасы үшін, өзін-өзі дамытуға және келешектегі қызметтік өрлеуі мен жеке табысын ұлғайтуға жұмсайды. Қоғам жақсы ақы төленетін жұмыс орындарына көп қол жеткізеді, ол банктің салалық біліміне ие адамдарды еңбекпен қамту мәселесін шешеді", - дейді "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі Жомарт Ертаев.

"Компанияның негізгі активі - қызметкерлер дегенді жиі естиміз. Біз сөзден іске көшіп, төрткүндік жұмыс аптасы қосымша мамандарды жұмысқа алуды талап ететіндіктен бұл активтерге анық инвестиция құйдық. Қызметкерлерге жақсы бола қоймаған банк клиенттер үшін де жақсы бола алмайды", - Ертаев.

"Bank RBK" АҚ-ның Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Екібастұз қалаларында кеңсесі бар. Еске сала кетейік, жуырда ғана БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымы өзіне мүше 185 елге төрткүндік жұмыс аптасына көшуді ұсынған болатын. Бұл ұйымға Қазақстан, Ресей мен Беларусь те мүше.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети