15 қыркүйек 2016 18:26

Қазақстандық банктер бағам айырмасы бойынша төленетін өтемақылардың бірінші траншын 30 қыркүйекке дейін алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстандық банктер бағам айырмасы бойынша төленетін өтемақылардың бірінші траншын 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызметті тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшының орынбасары Әл-Кейси айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық банктер бағам айырмасы бойынша төленетін өтемақылардың бірінші траншын 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызметті тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшының орынбасары Әл-Кейси айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, төлемақыларды өтеу 2016 жылдың 1 қазанына, 1 қарашасына және 1 желтоқсан жоспарланған.  "Осы белгіленген күндерде әр банкке ақша аударылады. Біреуге өтемақы берілмей қалуы мүмкін емес. Әрбір келісімшарт қаралатын болады. Қазір төлемақыларды өтеу үшін банк өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 30 қыркүйекке дейін банк өкілдері бірінші үлесін алуы керек. Банкке ақша аударылған уақытта төлемақы бірден берілетін болады", - деді Әл-Кейси.

Қаржылық қызметті реттеу бөлімінің басшысы Айгүл Закарьянованың айтуынша, қазақстандық азаматтардың өтемақы алуға берген өтініштерінің әр уақытта болғанына байланысты төлемақыны өтеудің осындай тәртібі енгізілген. "Төлемақыны алуға жазған өтініші 2015 жылдың қыркүйек айында тіркелсе, ол ақшаны қазан айында ала алады. Ал қазанның 1-нен 31-не дейінгі қабылданған өтініштердің иелері төлемақыны сәйкесінше қарашада алады. Егер де сіз өтемақыны алу туралы өтінішті 2015 жылдың қыркүйек айында жазып, бірақ 2016 жылдың қазан айында сізге қаражат аударылмаса, сіз банк өкілдеріне хабарласа аласыздар. Егер де олар бұл мәселемен айналысудан бас тартса, сіз Ұлттық банк өкілдерімен байланысқа шығуға құқыңыз бар", - деді Айгүл Закарьянова.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов 2016 жылдың ақпан айының соңына дейін көлемі 69, 5 миллиард теңгенің салымшыларға өтелетінін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети