22 сәуір 2014 15:31

Қазақстандық байлардың көшін Өтемұратов бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Ким Фото ©Тengrinews.kz Владимир Ким Фото ©Тengrinews.kz

Қазақстандық миллиардерлер көшін Болат Өтемұратов бастады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Forbes.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық миллиардерлер көшін Болат Өтемұратов бастады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің Іс басқармасын басқарған Болат Өтемұратовтың байлығы қазір 2,2 млрд долларға жеткен. Бұған дейін көш бастаған Владимир Кимнің байлығы 650 миллион долларға төмендеуіне байланысты ол кейінгі орынға ысырылды.

Екінші орынға ерлі-зайыпты Құлыбаевтар жайғасып, үшінші орынға 2013 жылы байлығы 500 млн долларға төмендеген Алиджан Ибрагимов тұрақтады. "Қазақмыстың" қожасы саналатын В.Ким төртінші сатыда.

Айта кететіні, қазақстандық миллиардерлердің барлық қаржысының жалпы сомасында өзгеріс жоқ. Бұрынғыша 9,2 млрд. доллардан аспаған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети