21 қараша 2014 19:31

Қазақстандық "Инвест Авианың" ұшуына тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Инвест Авиа" әуекемесі. ©Тұрар Қазанғапов "Инвест Авиа" әуекемесі. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық "Инвест Авианың" ұшуына тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Компанияның қызмет көрсету ісіне тыйым салынуы компанияның өз қызметкері алдындағы қарызының өтелмеуінен болған.


Қазақстандық "Инвест Авианың" ұшуына тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Компанияның қызмет көрсету ісіне тыйым салынуы компанияның өз қызметкері алдындағы қарызының өтелмеуінен болған.

Сот шешіміне сәйкес, әуе тасымалдаушыға өз қызметкерлері алдындағы айлық жалақыны өтеу, сондай-ақ жұмыстан шығып қалған жағдайда өтемақыны және пайдаланылмаған еңбек демалысын төлеу бұған дейін 2014 жылдың шілде айында міндеттелген болатын. Ол уақытта компанияның қарызы 2,7 миллион теңгені құраған. Қазіргі таңда "Инвест Авианың" есеп-шоты жабылды. Сот "Инвест Авиаға" мойнындағы қарызынан 25 қазанға дейін құтылуы керек деп міндеттегенімен, бүгінге дейін қарыздың тек жартысы ғана өтелген. 

Сот үкімінде көрсетілгеніндей "Орындаушы өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңы бойынша борышкер мекемелердің өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамайынша қандай да бір қызмет көрсетуіне тыйым салынған. Қыркүйекте сот "Инвест Авиа" компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшақтарының ұшуына, артынан жалпы компанияның қызмет көрсетуіне тыйым салған болатын.

Еске саламыз, бастапқыда "Инвест Авиа" әуе компаниясының "Алматы-Пхукет" алғашқы қазақстандық рейсі қазанның 30-ы күні күндізгі сағат 14.00-де ұшады деп жоспарланғаны, алайда ол бірнеше сағатқа кешіктірілгені белгілі. Айта кетейік, тасымалдаушы ол кезде Украинадан Boeing-767-300 ұшағын "лизингке" алып, ресейлік Pegas touristik туроператорымен серіктес болған. Сол уақытта отандық туроператорлар шу шығарып, ұшуға рұқсат беретін құжаттардың барлығын көрсетуді талап еткен. Шу шыққан сәтте әуекомпанияның басшылығы рейстің кешігуіне  кінәлі  Азаматтық авиация комитеті екенін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети