07 желтоқсан 2016 09:49

Қазақстандық журналист Назарбаевтың ел білмеген қыр-сын айтып беретінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "25KZ. Новейшая история" деректі фильмінің кадры © "25KZ. Новейшая история" деректі фильмінің кадры

11 желтоқсанда, кешкі уақытта қазақстандық телеарналарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "25KZ Новейшая история" атты деректі фильм көрсетіледі. КТК-ның бұрынғы журналисі Ярослав Красиенко түсірген лентада Мемлекет басшысының архивтегі сұхбаттары мен сөйлеген сөздері көрсетіледі.


11 желтоқсанда, кешкі уақытта қазақстандық телеарналарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "25KZ Новейшая история" атты деректі фильм көрсетіледі. КТК-ның бұрынғы журналисі Ярослав Красиенко түсірген лентада Мемлекет басшысының архивтегі сұхбаттары мен сөйлеген сөздері көрсетіледі.

"Бітті. Бұл аяқталды. Көпайлық марафон, оның мәресі бір жарым сағаттық фильм болды. Архивтердегі көп еңбекті талап ететін жұмыс, басқа қалалардағы қажетті суретті іздеу, үздік камералармен түсірілген кадрлар, түсірілімге қатысушылардың арасындағы дау-дамайлар, бітпес өзгертулер мен түзетулер - мұның бәрі артта қалды. Алда таныстырылымы. Қорытындысында не шықты? Қазақстан тәуелсіздігінің нағыз жылнамасы. Оның толық әрі әділ (әрине, менің пікірім бойынша) тарихы. Бұл жерден ештеңені де алып тастауға болмайды - мемлекеттік символдар, теңгені енгізу, жекешелендіру, астананың ауысуы сияқты көпке мәлім жайттар емес, сонымен қатар 1986 жылғы көтеріліс, орал казактарымен қақтығыс, Жоғарғы Кеңестің тарауы, премьер Қажыгелдинмен қарсылық, саяси дағдарыстар, "Қазақстанның демократиялық таңдауының" пайда болып, қуылуы, Жаңаөзендегі қасірет. Себебі осы оқиғаларсыз бізді елестету қиын, түсіну қиындау. Әрбір адам бұл фильмде бұған дейін көрмеген, білмеген дүниесіне көз жеткізеді. Лентаның негізі - Нұрсұлтан Назарбаевпен эксклюзив сұхбат. Әдеттегідей, өте мықты. Эфир таяуда", - деп жазды Красиенко Instagram желісіндегі парақшасында.

Осы парақшасында автор картинаның екі үзігін жариялады. Бірінде Назарбаев "Қазақстан Ресеймен бірге бірыңғай рубльге өтетінін" айтады. "Қазақстанның тоқсаныншы жылдардың басында Ресеймен қалып, жаңа рубль аймағында - 1992 жылғы жаңа рубль үлгісімен қалғысы келгенін көп адам біле бермейді. Прагматикалық экономикалық көзқараспен барлық сауда Ресеймен байланысты болды және бірыңғай валютадан бас тарту қарапайым азаматтардың жағдайын одан әрмен нашарлатты. Алайда Ельцин мен оның либерал камарилиясы - чикаголық балалары мен амеркеңесшілері "монетарлық сатқындық" деген атпен белгілі болған фортельді тастады. Ал бұл спичті президет 1992 жылы айтты. Сол уақытта рубль аймағын сақтап қалу деген жоспар болған", - делінген видеоның түсіндірмесінде. 

Тағы бір үзікте қазақстандық көшбасшы Украина жайлы сөз қозғайды. "Мен, әрине, өз қызметі бойынша Назарбаевтың саяси, тіпті тың көрегендігін көп байқағанмын, алайда архивке үңіліп, сұмдық жайттарды таба отырып, "мәссаған!" деп таңғалатын мәліметтерді көп кездестірдім. Мәселен, міне, ҚР Президенті 1992 жылдың өзінде (!) Украинаның 2016 жылы неліктен мұндай жағдайға түсетінін тап басып айтып береді, экономикасы бойынша КСРО-дағы екінші елдің бұлайша кері кететінін дөп басып айтады", - деп таңғалады Красиенко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети