10 маусым 2014 09:57

Қазақстандық қайырымдыларды украиналық сепаратистерге көмек берді деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерікті Тимофей Зайцев.  "31 арна" кадры Ерікті Тимофей Зайцев. "31 арна" кадры

"Украинаның оңтүстік шығысындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жинаушылар төңірегінде дау туындады - оларды "украиналық сепаратистерге көмек берді" деп айыптады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап.


"Украинаның оңтүстік шығысындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жинаушылар төңірегінде дау туындады - оларды "украиналық сепаратистерге көмек берді" деп айыптады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап.

Бастамашы топ Қарағандыда, Шымкентте және Ақтөбеде киім-кешек, дәрі-дәрмек, консервілер жинай бастаған. Жинау пункттеріне өзге қалалардан да сәлемдемелер жеткен. "Біз Украинаның бейбіт тұрғындарына көмектесеміз. Мысалы, қазіргі уақытта ата-анаснсыз қалған балалар бар. Әр күні жазықсыз бейбіт тұрғындар көз жұмып жатыр. Енді жиналған жүктің екінші топтамасын жібермекпіз. Дәке, инсулин, азық-түлік, медициналық құралдар, дәрі-дәрмек үлкен мәселе болып тұр" деп түсіндірді ерікті Тимофей Зайцев.

Қайырымдылық шарасы қоғамда дау туындатты. Сарапшылар Украинаның оңтүстік шығысына көмек жіберу жаңа билікті қолдаған Қазақстанның саясатына қайшы екенін айтады. "Украина мұны дұшпандық әрекет деп қабылдауы мүмкін. Бұл бізге керек емес. Біз Украинамен үлкен экономикалық қарым-қатынастамыз. Мұндай әрекетпен айналысып отырған адамдар, оны шұғыл тоқтатуы тиіс. Қалай болғанда да оларға қатысты тергеу жүргізілуі керек. Бұл ойланбай жасалған қадам болса, онда жөні бөлек" дейді саясаткер Айдос Сарым.

Жергілікті биліктің ескертуінен кейін Қарағандылық белсенділер өз әрекеттерін тоқтатқан. Шымкент пен Ақтөбеде жиналған гуманитарлық жүкті оренбургтік казактар Донбасқа дейін шығарып салмақшы екен.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети