03 сәуір 2016 13:04

Қазақстандық оқушылардың мәтінді оқуы мен түсінуінің сапасы тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан 50 елдің арасында өтетін мәтінді оқу және PIRLS мәтінін түсіну сапасы бойынша халықаралық зерттеуге тұңғыш рет қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақпараттық сараптама орталығына сілтеме жасап.


Қазақстан 50 елдің арасында өтетін мәтінді оқу және PIRLS мәтінін түсіну сапасы бойынша халықаралық зерттеуге тұңғыш рет қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақпараттық сараптама орталығына сілтеме жасап.

Халықаралық іріктеудің қорытындысы бойынша Қазақстаннан 5008 төртінші сынып оқушысы мәтінді оқу және түсіну сапасына арналған зерттеуге қатысады. Бұл зерттеуге әлем бойынша 250 мың бастауыш сынып оқушысы қатысады.

Оқушылар 10 минуттық үзіліспен 80 минуттың ішінде бірыңғай тест тапсырады. Әр қатысушыға екі түрлі мәтін беріледі. Әдеби мәтін - бұл қызық оқиға немесе ертегі, ғылыми-ақпараттық мәтін, мысалы жануарлар туралы әңгіме. Мәтінді оқу сауаттылығының нәтижесі былай бағаланады: әдеби мәтінді оқу тәжірибесі мен мәтінді түсініп оқу, ақпаратты қолдана алу.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың ата-аналары, төртінші сынып оқушыларының сынып жетекшілері мен мектеп директорлары қатысады. PIRLS зерттеуінің ұйымдастырушысы халықаралық IEA білім саласындағы жетістіктерді бағалау қауымдастығы бастауыш мектеп оқушыларының сауатты оқу деңгейіне қандай сыртқы факторлардың әсер ететінін айтады.

Зерттеу 2016 жылы 4-30 сәуірде өтеді. Оның нәтижелері 2017 жылдың желтоқсан айында белігілі болады. Мұндай зерттеу бес жылда бір рет болады. Жоба алғаш рет 2001 жылы 35 елдің қатысуымен өткен. PIRLS зерттеуінің 3 кезеңінің қорытындысы бойынша (2001, 2006, 2011) - Гонконг, Ресей, Финляндия мен Сингапур елдері алдыңғы қатарда болды.

SERPIN ұлттық білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы Мұрат Әбенов осындай зерттеудің елімізге пайдалы екенін атап өтті.

"Біз үшін мұндай зерттеулердің пайдасы көп. Бұл басқа елдерде болып жатқан мәселелерді салыстыра отырып, еліміздегі қиындықтарды анықтауға көмектеседі. PISA 2012 зерттеуінің нәтижесі бойынша, біздің біліміміз төменгі деңгейде. Басты мәселе біз ақпаратты жаттатамыз, бірақ алынған білімді өмірде қолдануға үйретпейміз. Сонымен қатар, 2008 жылы TIMS осыған ұқсас зерттеу өткізді, бірақ ол математикадан емес, оның қорытындысы бойынша біздің төртінші сыныптың оқушылары бесінші орынды иеленіп, көп мамандарды таңғалдырды. Бірақ PISA 2012 зерттеу нәтижесі бойынша, біздің оқушылар 65 елдің ішінде 49-орында тұрды. Осылайша дарынды оқушыларымыз басымдықтың бұрыс қойылмауынан бәсекеге қабілеттігін жоғалтып жатыр", - деп жазды Әбенов өзінің Facebook парақшасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети