Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандық ондаған студент Қытайдағы оқуға ұшып кете алмай қалды 20 тамыз 2015, 14:42

Жәбірленушілер полицияға арыз жазып қойды. Оқиға дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© Аlmaty.tv © Аlmaty.tv

Шет тілдері орталығында оқитын қазақстандық ондаған студент Қытайдағы оқуларына ұшып кете алмай қалды. Жәбірленушінің айтуынша, турфирма әуе компаниясы билеттеріне жалған чек берген. Әуежайда олар ешқандай орынның бекітілмегенін білді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

"Студенттер Emiral tours компаниясынан билет сатып алды. Екі апта бұрын біз 106 билеттің 30-ы сатып алынбағанын білдік, нақтырақ айтсам, қолымызға берген билеттегі орындар жоқ болып шықты. Ал біз тексерген кезде бұл 30 студенттің ешқайсысы рейсте жоқ екенін айтты", - деді Emiral tours компаниясының клиенті Расул Мусин.

Сонымен қатар, Түркияға баратындар да осындай жағдайға тап болған. "Біз 4 адам ұша алмадық. Ал, 10 адам кетті. Бірақ қайтарға билет жоқ. Бұл адам заңды түрде жауапкершілікке тартылсын",- деді жәбірленуші Альфия Тілеубердинова.

Жәбірленушілер полицияға арыз жазып қойды. Оқиға дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram