27 қаңтар 2017 | 13:36

Қазақстандық өндіруші көгеріп кеткен уылдырық үшін "Орел и Решка" жүргізушісінен кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматы әуежайындағы дүкен иелері мен өндіруші компания өкілдері "Орел и Решка" бағдарламасының жүргізушісі Регина Тодоренкодан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында журналист қыз Duty Free дүкенінен сатып алған қымбат уылдырықтың көгеріп кеткенін Instagram желісі арқылы айтқан болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайындағы дүкен иелері мен өндіруші компания өкілдері "Орел и Решка" бағдарламасының жүргізушісі Регина Тодоренкодан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында журналист қыз Duty Free дүкенінен сатып алған қымбат уылдырықтың көгеріп кеткенін Instagram желісі арқылы айтқан болатын.

Уылдырықтың ұшу айлағындағы негізгі Duty Free маңындағы дүкеннен сатып алынғаны белгілі болды. Дүкен иелері өз кінәсін мойындап, сатып алушыдан кешірім сұрауға дайын екендерін жеткізді. 

"Тауар бізде бүлінген жоқ. Өндіруші зауыт уылдырықты қаптағанда ойдағыдай болмай қалады. Біз тауарды айырбастап беруге немесе ақшаны қайтаруға дайынбыз. Бұл мәселе бойынша дауласқымыз келмейді. Қазір онымен байланысып, бұл мәселені қалай шеше алатынымызды білуге тырысамыз. Клиенттікі әрдайым дұрыс деген бар. Осылай болғанына өкініш білдіреміз. Егер біздің кінәміз болса, кешірім сұрауға дайынбыз", - дейді Әлібек Жұмағұлов дүкен иелері атынан. 

Оның сөзінше, дүкенде әр тауардың сертификаты бар. Сондықтан әрқайсысын тексерудің қажеті жоқ. Сонымен бірге, әр тауардың жарамдылық мерзімі қадғаланатынын және осындай жағдайдың алғаш болып тұрғанын айтады.

Өндіруші компанияның өкілдері де осы оқиғаға байланысты пікір айтты. "Біз қазір неге бұлай болғанын анықтау үшін Тодоренкомен байланысуға тырысып жатырмыз. Видеодан байқағанымыздай, ол екі құты сатып алған, оның біреуі ғана көгерген. Мүмкін тасымалдау кезінде ашылып кеткен болуы мүмкін. Біз үшін анық-қанығын білу маңызды. Бұл біздің тауар және біздің абырой. Компания атына ешқашан шағым түскен емес. Тауарды Алматыға жақында ғана жөнелткенбіз", - дейді компанияның бас директорының қызметін атқарушы Алмас Самарқанов. 

Компания уылдырық өндірумен төртінші жыл айналысып келеді. Кәсіпорын Орал қаласында. Уылдырық кәсіпорын базасында өндіріледі. Бұл үшін арнайы кешен салынған. Уылдырықтың сақталу мерзімі - 9-12 ай. Шыны құтыға салынған уылдырық бетіне фирмалық үлпек жабылады.

Мұның алдында Регина Тодоренко Instagram желісіндегі парақшасында сатып алған тауары көгеріп кекткені туралы виедо жариялаған болатын. "Осындай қымбат азық-түлік алғанда абай болыңыздар. Қара уылдырықты өмірімде бір рет қана - 15 жыл бұрын жегенмін. Енді тағы бір дәмін татайын дедім, ал ол көгерген болып шықты. Қақпағын ашсам, көгеріп кеткен. Көңілім түсіп кетті. Алматыдағы Duty Free қызметкерлеріне айтқым келетіні: сіздер мұндай тауарды қалай сатасыздар? Оның үстіне бұл бес жылда бір рет қана алуға мүмкін болатын қара уылдырық", - деп наразылығын білдірді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети