04 қараша 2014 15:47

Қазақстандық полицейлерге күлімсіреуді үйренуге кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қоғамдық ұйым өкілдері полицейлерге күлімсіреуді үйренуді ұсынды. Бұл туралы Tengrinwes.kz тілшісіне Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шәкуов мәлімдеді. Оның ойынша, Қазақстанда полицейлердің абыройы жоғары емес және азаматтардың оларға деген сенімі аз.


Қоғамдық ұйым өкілдері полицейлерге күлімсіреуді үйренуді ұсынды. Бұл туралы Tengrinwes.kz тілшісіне Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шәкуов мәлімдеді. Оның ойынша, Қазақстанда полицейлердің абыройы жоғары емес және азаматтардың оларға деген сенімі аз.

Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, отандық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында алдын алу жүйесі жоқ. "Бізде егер полицей тоқтатса, бұл - заңды бұзғаның деген сөз. Азаматтар қазір проблема басталатынына сенімді болып тұрады. Полицейлерде алдын алу жүйесі, оқыту, ескерту мен түсіндіру жоқ. Жүргізушіні айыппұл салу үшін ғана емес, анықтау, ескерту, түсіндіру, ойға салу мақсатымен тоқтату жоқ. Біздің мақсат - халықтың полицияны жақсы көре бастағаны. Бұл үшін полицейлерге олардың халыққа сеніммен, көмектесуге дайын екенін дәлелдеу керек. Зұлым емес, қайырымды болу", - деді әңгімелесуші.

Бұл жағдайдың өзгеруі үшін Шәкуов құқық қорғау органдарына полиция қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша бөлім құруды ұсынды. "Бұл жерде оларды күлуді, сыпайы үйретеді және жалпы сауатын ашады. Бұған дейін осыған ұқсас бөлім - профилактика бөлімі МАИ кезінде болды, бірақ оны жауып тастады. Сондықтан басқа бірдеңе құру керек. Бұл істі тастамау керек". Әңгімелесуші бұл мәселені ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдерімен талқылағанын, және олар оның бастамасын қолдағанын айтты. Таяу арада қоғамдық ұйым өкілі ІІД министріне осындай бөлім құруға өтініш білдірген хат жолдайды. 

Мұның алдында Қазақстанның Бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев отандық полицейлер халықтың тек 10 пайызының ғана сеніміне ие болғанын мәлімдеген еді. "Құқықтық статистика комитетінің порталында жасалған электронды сауалнама нәтижесі бойынша алып қарайтын болсақ, онда полицейлердің жұмысына әзірше халықтың 10 пайызының ғана көңілі толады, алдымызда әлі талай жұмыс бар", - деп мәлімдеді Исаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети