Демалыс күндер ауа райы ыстық болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.
Демалыс күндер ауа райы ыстық болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.
"Өзінің ықпалымен республиканың көп бөлігін қамтыған, антициклон, демалыс күндері жауын-шашынсыз аз бұлтты ауа-райын тежеп, батыстан басталған ыстық ақырындап барлық Қазақстанға жайылады. Батыста және оңтүстікте максималды температура 32 градустан 42 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 28-37 градус, қалған аумақта 25-тен 35 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай температура әдеттегіден 3-7 градусқа жоғары болмақ. Таяудағы тәулік ішінде республиканың тек шығысы мен солтүстігінің кейбір жерінде ғана күн күркіреп, аздаған жаңбыр болуы мүмкін", - делінген синоптиктер хабарламасында.
Болжам бойынша бірінші және екінші онкүндігінің бірінші жартысы жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Ал, екінші және үшінші онкүндігінің соңында суық әрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған қарамастан солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін.