16 тамыз 2014 17:20

Қазақстандық танкистер Мәскеуде өтіп жатқан танк биатлоны чемпионатында үшінші орынды иемденді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tengrinews © Фото tengrinews ©

Қазақстандық танкистер әлемдік танк биатлоны чемпионатында экипаждың жеке біріншілігінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі.


Қазақстандық танкистер әлемдік танк биатлоны чемпионатында экипаждың жеке біріншілігінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі.

Ал Мәскеудің "Алабино" полигонында бірінші мәрте өткізіліп жатқан бұл чемпионатта Ресей бірінші орынды еншіледі.

– "Танк биатлоны-2014" чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық экипаж мүшелері үшінші орынды жеңіп алды, - деп хабарлады чемпионаттың бас төрешісі генерал-майор Юрий Петров.

Ал командалық есеп бойынша Ресей командасы көрсетілген межені 1 сағат 15 минут 13 секундта жүріп өтіп алтын жүлдеге иелік етті. Армения командасы 1 сағат 20 минут, 03 секундық уақыт есептеуімен екінші орынды иемденді. Қола жүлдені көрсетілген межені 1 сағат 30 минут 56 секунд аралықта бағындырып Қытай танкистері жеңіп алды. Жарыс бойы үздіктер қатарынан көрінген Қазақстан командасы командалық есепте межеге 1 сағат 34 минут 11 секундта жетіп төртінші орынға табан тіреді.

Еске салайық, бұл шара Мәскеудің Алабино полигонында 4-16 тамыз аралығында болды. Чемпионатқа 12 елдің танкистері қатысты. Олар: Қытай, Кувейт, Моңғолия, Қырғызстан, Беларусь, Үндістан және тағы басқа елдер екенін біз бұдан бұрын да айтқан болатынбыз.

Чемпионатқа қатысушы танкистерге сәттілік тілеген еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметов бұған дейін "үздік экипаж жақсы марапатқа, қомақты сыйлыққа лайық. Негізінде барлық қатысушыларды марапаттау ойда бар. Бірақ ең үздік шыққандардың алатын сый-құрметі бөлек" – деген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети