08 мамыр 2014 12:57

Қазақстандық туристерге Таяу Шығыстан шыққан вирустың қауіпті екені ескертілуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристерге Таяу Шығысқа сапарлағанда вирус жұқтыру қаупінен сақтануды ескертіп отыр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz


Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристерге Таяу Шығысқа сапарлағанда вирус жұқтыру қаупінен сақтануды ескертіп отыр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz

Аталмыш ведмоства әлемдік ақпарат көздеріне сүйене отырып, Таяу Шығыста тыныс жолдарының өткір аурулар синдромы (MERS-CoV) өршіп тұрғанын ескертуде. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 5 мамырда таратқан мәліметіне қарағанда, әлемде бұл жаңа вирусты 497-ге жуық адам жұқтырып, 131 адам қайтыс болған.

Аталған вирус қазір Сауд Арабияда, Біріккен Араб Әмірлігінде, Катарда, Иорданияда, Кувейтте, Йеменде, Ұлыбританияда, Тунисте, Оманда, Францияда, Германияда, Мысырда, Италияда, Малайзияда, Филиппинде, АҚШ-та тіркеліп отыр.

Вирус ең көп тіркелген ел - Сауд Арабиясы. Мұнда 414 жағдай тіркеліп, 115 адам қайтыс болған. 

Індетті Таяу Шығыс аумағына барғандар жұқтырып әкелген деген болжам бар.  Сараптамалық талдау қортындылары індет адамдарға жануарлардан (түйеден) жұғуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. 

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жағдайдың денсаулыққа айтарлықтай әсері барын ескертуде. 

Бұған қатысты еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті барлық  сақтық шараларын қарастырып, Таяу Шығысқа сапарларда және сапарлап қайтқаннан кейін де дәрігерлер кеңесіне құлақ асу керектігін хабарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети