21 сәуір 2014 13:53

Қазақстандық үш майдангер Мәскеу парадына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Александр Колесников. ©Ярослав Радловский "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Александр Колесников. ©Ярослав Радловский

Ұлы Отан соғысының қазақстандық үш ардагері Мәскеуде Жеңіс күніне арналып өтетін парадқа қатысады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Александр Колесников айтты.


Ұлы Отан соғысының қазақстандық үш ардагері Мәскеуде Жеңіс күніне арналып өтетін парадқа қатысады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Александр Колесников айтты.

"Биыл біз Ресейдің Қазақстандағы елшілігіне хат жаздық. Бізге 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа шақыру жолдапты. Қонақүймен, тамақпен қамтамасыз етеді. Үш адам барады, Астанадан біреу және Алматыдан екеу, оның ішінде, мен де бармын. Қалғандарының аты қазір анықталып жатыр", - дейді Колесников. Қазақстандық майдангерлер Қызыл алаңда өтетін парадқа қатысады, сонымен бірге, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу жоспарланып отыр.

"Мәскеу парадына көптен бері қатысқан жоқпыз, соңғы жылдары көбіне Жауынгерлік даңқ орындарына саяхатқа ғана шақырып жүрді", - дейді 92-ге қараған Колесников.

Еске сала кетейік, былтыр қазақстандық ардагерлер делегациясы маусым айында Мәскеуге бес күнге сапар шекті. Олар Тағзым тауын, Әлия Молдағұлова атындағы мектеп пен мұражайды, Бауыржан Момышұлы атындағы мектепті аралап көріп, Мәскеу қалалық ардагерлер кеңесіндегі әріптестерімен кездесті. 


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети