18 қаңтар 2016 14:10

Қазақстандықтар 2016 жылы неше күн демалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың 2016 жылы неше күн демалатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еgov.kz порталында жарияланған күнтізбеден биыл 121 демалыс күні бар екенін көруге болады. Оның тоғызында ел тұрғындары демалып үлгерді.

Сенбі және жексенбі күндеріндегі демалыстан бөлек қазақстандықтар наурыз айында Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы қарсаңында -  21, 22 және 23 наурызда демалады.

Демалыс күндері мамыр айында да көп болады. Бірлік күні - 1 мамырдың жексенбіге келуіне байланысты ол 2 мамырға және Отан қорғаушылар күні - 7 мамырдың сенбіге келуіне байланысты демалыс сейсенбі, 10 мамырға ауыстырылды.

Қазақстандықтар Астананың туған күні - 6 шілдеде және 30 тамыз - Конституция күні де демалады. Сонымен қатар, 12 қыркүйекте Құрбан Айт мейрамына демалыс беріледі.

Биыл 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнінде, Тәуелсіздік күнінде - 16 және 17 желтоқсанда демалыс болады. 17 желтоқсан сенбіге келуіне байланысты демалыс 19 желтоқсанға ауыстырылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети