13 желтоқсан 2015 15:55

Қазақстандықтар Әбіш Кекілбаевпен қоштасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© express-k.kz © express-k.kz

Қазақ жұрты Әбіш Кекілбаевты ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлады "24.kz".


Қазақ жұрты Әбіш Кекілбаевты ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлады "24.kz".

Бүгін бүкіл қазақ жұрты заманымыздың заңғар қаламгері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевпен қоштасты. Ұлтымыздың мақтанышына айналған дарын иесін ақтық сапарға шығарып салуға Парламент депутаттары, елiмiздiң көрнектi мәдениет және өнер қайраткерлерi, жазушылар, ақындар мен елорда жұртшылығы келдi.

"Жиналған қауым дара тұлғаның туысқандарына, күллі қазақ жұртына қайғырып көңіл айтты. Әбіш Кекілбаев 1939 жылы Маңғыстау жерінде өмірге келді. Жастайынан кітапқа құмар, әдебиетке әуес болған ол Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін таңдады. Студент бола жүріп белді газеттерде қаламын ұштап, шоқтығы биік туындыларды дүниеге әкелді. Саналы ғұмырында Қазақстан Парламентінің негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш Мемлекеттік хатшы, Елбасының кеңесшісі және Сенатта депутат болды. 76 жасында дүниеден озған сөз зергері Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленеді", - деп хабарлады телеарна.

Қоштасу рәсімінде Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.

"Белгілі қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың дүниеден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Көрнекті жазушы, терең білімді жаны таза азамат Әбекең тек қазақ халқының ғана емес, Алты Алаштың әлем алдында беткеұстар ірі тұлғаларының бірі еді. Ол табиғи дарынымен жастай танылды. Мазмұны терең, танымдық мәні зор көркем туындылармен, қоғамның түйткілдерін тап басатын отты мақалаларымен, философиялық толғамдарымен қаламдас әріптестерінің де, қалың оқырманының да жан-жүрегін тез жаулап, мызғымас бедел иесі атанды", - деді Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети