14 сәуір 2016 13:06

Қазақстандықтар ажырасу кезінде мүлікті бөлуді нотариалдық куәландыруы тиіс болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© law5.ru © law5.ru

Қазақстандықтар ажырасу кезінде мүлікті бөлуде нотариалдық куәландырудан өтуі тиіс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының заң жобасы таныстырылды. 

"Ерлі-зайыптылардың бірге тұрғанда жиған мүлкі бөлінген кезде нотариалдық куәландыруы болуы тиіс. Мұны дұрыс шешім деп есептейміз. Қазіргі уақытта заң бірге жиған мүлікті бөлуде жолдасының келісімін қарастырады. Енді бұл келісімді қалай куәландыру керек? Жазбаша қолхат жеткіліксіз. Қойылған қолдың түпнұсқалығын тексеру - бұл да дұрыс емес. Ерлі-зайыптының бірінің келісімін куәландыру олардың бірінің ұйғарымымен жүзеге асырылуы тиіс. Осындай жағдайда даулы мәселелер азаяды. Себебі нотариалдық келісім азаматтық құқықбұзушылықтан қорғау және одан ескерту үшін қажет. Осылайша тараптардың бірінің мүддесін қорғау көзделеді", - деді әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина.

Сонымен қатар, оның айтуынша жаңа заң жобасы келісімдердің жарамсыздығының институтын жетілдіруді ұсынады. 

"Қазіргі Азаматтық кодекс негізінде жарамсыз және даулы келісімдерді қарастырады, бірақ мүлікті бөлуді реттейтін жалпы норма жоқ, сонымен қатар сот процедурасын қажет ететін, келісімді жарамсыз деп табатын және сот тәжірибесін күрделендіретін жағдайларда екіұшты мәселе туғызады. Осы тұрғыда бұл жағдайдың келісім қатынасының тұрақсыздығы туындайды, сөйтіп, Қазақстандағы жағымды инвестклиматқа қатер төндіреді", - деп мәлімдеді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети