09 маусым 2014 13:13

Қазақстандықтар алаяқтықпен жиі айналыса бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©diapazon.kz ©diapazon.kz

Биыл алаяқтыққа қатысты қылмыстар 20 пайызға өсті. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, құқық қорғау органдарының алдын алу шаралары әлі де аздық етеді. Екіншіден, халықтың заң саласындағы білімі төмен. Соның салдарынан Қазақстанда алаяқтықпен жиі айналыса бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР бас прокуратурасына сілтеме жасап. 

Оның мәліметіне сәйкес, бірінші тоқсанда алаяқтыққа қатысты 9067 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, 20,4 пайызға артық. Былтыр 1403 адам ұсталса, биыл үш айдың ішінде 2177 алаяқ қолға түсті. Алайда олардың басым бөлігі - 1180 босатылды.

Прокурорлардың айтуынша, алаяқтар, көбінесе, ақшаға көз тігеді. Ал олардың арбауына әйелдер жиі түседі. Құрбан болған азаматтардың ортақ ерекшелігі - заңды білмеуі. "Жалпы, талдау барысында алаяқтық қылмыстардың, көп жағдайда, тиісті алдын алу шараларын дер кезінде қолға алмауынан болатынын көрсетті. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар арасында нақты байланыс жоқ", - делінген ресми бас прокуратураның хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети