21 қаңтар 2015 18:57

Қазақстандықтар жалға берілетін баспана құрылысының сапасын қадағалауы қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының төрайымы Светлана Романовская халықты жалға берілетін үйлердің құрылыс сапасын қадағалауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының төрайымы Светлана Романовская халықты жалға берілетін үйлердің құрылыс сапасын қадағалауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бағдарлама бойынша тұрғызылып жатқан жалға берілетін үйлердің сапасын қадағалайтын боламыз. Сондықтан егер сізге арыз түсіп немесе біреу құрылыстың нормалар мен тәртіпке сай жүріп жатпағанын көретін болса және сіз сол үйден пәтер алатыныңызды білетін, бұған бей-жай қарайтын адам болмасаңыз біз сізді Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасында күтеміз", - деді Романовская Астанада өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, кез келген адам лигаға кіріп, куәлік ала алады, осылайша оларға мемлекеттік баспана құрылысының сапасын қадағалауға құқық беріледі.

Романовская қазақстандықтарды өз құқықтарын қорғап, талапты орындамағандар туралы 2518 (K-Mobile үшін) және 2040 (Kcell үшін) арнайы байланыс желілеріне хабарлап немесе potrebitel.kz сайтына шағым жазуға шақырды.

"Сонымен қатар, біз биыл тасымалдаушылармен де қатаң жұмыс істейтін боламыз: әуе тасымалы мен теміржол тасымалы. Темір жол тасымалына өте көп қаржы жұмсалатынын сіздер білесіздер, оның тиімділік дәрежесін қарап шығу қажет. Біз вагондардың қаншалықты ескіргенін көріп жүрміз. Сол қаржы қайда жұмсалып жатыр? Ол вагондардың сапасы қандай? Біз не үшін ақша төлейміз? Әуетасымалдаушылар тарифті қалай белгілейді?", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети