09 мамыр 2014 09:52

Қазақстандықтар Жеңіс күнін тойлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет kstu.kz сайтынан Сурет kstu.kz сайтынан

Бүгін Қазақстанда мемлекеттік басты мерекелердің бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні аталып өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Қазақстанда мемлекеттік басты мерекелердің бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні аталып өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда таң сібірлеп атып келе жатқанда басталған. Фашистік Германия 1939 жылғы кеңестік-германиялық келісімді бұзып, КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасаған.

Майданға Қазақ КСР-нан 1,2 миллионнан астам сарбаз, 12 атқыштар, төрт ковалериялық дивизия, жеті атқыштар бригадасы, 50 шақты жеке полктар мен батальондар жұмылдырылды. Ұлы Отан соғысы кезінде барлығы 497 қазақстандыққа Кеңес Одағынның Батыры атағы берілді.

Сұрапыл соғыс КСРО жеңісімен аяқталды. Фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге 1945 жылы орталық еуропалық уақыт бойынша 8 мамырда сағат 22:43-те (Мәскеу уақыты бойынша 9 мамырда 00:43-те) Берлиннің іргесіндегі елдімекенде қол қойылды. Тура осы уақыт айырмасына байланысты Жеңіс күні Еуропада 8 мамырда, ал КСРО-да, одан кейін ТМД елдерінде 9 мамырда аталып өтеді.

Жеңіс Күні құрметіне орай, дәстүрлі түрде Қазақстанның барлық ірі қалаларында мерекелік шаралар өткізіледі. Астанада 60-тан астам шаралар жоспарланған. Бес ірі шара солардың ең негізгілері болып табылады – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер қабіріне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі; Жеңіс күніне арналған салтанатты концерт; жас орындаушылар мен творчестволық ұжымдардың қатысуымен әскери-патриоттық әндер фестивалі; "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шірлерін қою салтанаты және соғыс жылдары шыққан әндерден құралған концерттік бағдарлама.

Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қою рәсімі болады. Сонымен қатар, қаланың барлық аудандарында тақырыптық акциялар өткізіледі – "Майданнан хат" және "Алғыс қабырғалары". "Астана" алаңында мерекелік концерт болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети