05 қазан 2018 09:05

Қазақстандықтар қанша жаста үйленеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

2018 жылы Қазақстанда отбасы құрған ең егде жастағы жұптар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2018 жылы Қазақстанда отбасы құрған ең егде жастағы жұптар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ статистика комитеті мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық ең егде жастағы жұп БҚО-да үйлену тойын жасаған. 

Неке қию рәсімінде күйеу жігіттің жасы 90-да, ал қалыңдығы 70-те болған. Тағы бір жұп Павлодар облысында тіркелген. 89 жастағы зейнеткер 87 жастағы қалыңдыққа сөз салған. Ал Алматыда 87 жастағы қалыңдық 76 жастағы күйеу жігіттің ұсынысына "иә" деп келісім берген. 

Статистика комитетіндегілер отбасы құратын ең жас жұптарды да атады. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 16 немесе 17 жастағы қалыңдықтар тұрмысқа шыққан 97 неке Алматы облысында тіркелген. Екінші орында Жамбыл облысы - 58 неке, ал үшінші орында ШҚО - 56 неке. 

Ең жас күйеу жігіттер (16-17 жас) - Атырау облысында. Мұнда 7 той өткен, ал Қарағанда облысында 6 неке, кейін Павлодар облысы 5 некемен үшінші орында тұр.  

Жыл басынан бері ең көп некенің Алматыда қиылғаны хабарланды - 10 791 той, Алматы облысында - 8 868 және Түркістан облысы - 8 737. 

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ер адамдардың үйленетін орташа жасы 29,2 болса, әйелдерде 26,3.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети