22 желтоқсан 2019 14:06

Қазақстандықтар Қорғас шекарасынан 53 қорап темекі асырып лақтырып жібермек болған

"Қорғас" ШЫХО қоршауынан темекі салынған қораптарды асырып лақтырып жібермек болған үш қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылы 21 желтоқсанда "Қорғас" ШЫХО шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлері аймақты тексеру барысында қоршау арқылы темекі өткізбек болғандарды анықтаған. 

"Олар "Қорғас" ШЫХО бақылауының барлық түрін айналып өтіп, әртүрлі маркадағы 53 қорап темекіні (2648 блок) алып өтпек болған. Тауардың жалпы құны - 9 миллион 200 мың теңге. Ұсталғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал жүк "Қорғас" кеден бекетіне тапсырылды", - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі. 

© ҰҚК баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети