01 қараша 2015 18:30

Қазақстандықтар Ресей консулдығы мен елшілігінің алдына гүл апарып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TengrinewsTV © TengrinewsTV

Алматылықтар Мысырдағы ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтып, Ресейдің Бас елшілігі ғимаратының алдына гүлдер мен шамдар апарып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Алматыдағы ғимараттың алдына келгендердің ішінде Ресей азаматтары да бар.


Алматылықтар Мысырдағы ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтып, Ресейдің Бас елшілігі ғимаратының алдына гүлдер мен шамдар апарып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Алматыдағы ғимараттың алдына келгендердің ішінде Ресей азаматтары да бар.

Әрбір 15 минут сайын қақпа алдына автомобильдер тоқтап жатыр. Олардан адамдар шығып, бірнеше минут үнсіз тұрып, қоштасып, кетіп қалады. Қолдарында балалары бар аналар ойыншықтар әкелді. Мұнда келгендердің көбі көз жастарына ие бола алмады.

"Мен ұлымды алып келдім. Мұнымен қаза тапқандардың туыстарына, достарына көмектесе алмаймыз. Мұны бастан кешіру өте қиын. Ұлымның ауызбіршілікпен, достықпен өмір сүру керектігін білгенін қалаймын. Өзгелердің мұңы - біздің де мұңымыз болуы керек", - деді елшілік алдына келгендердің бірі.

"Мен Алматы халқына көктегі адамдардың не болып жатқаны бәрібір еместігін көрсеткім келеді. Қайғылы оқиға болды, жақындарына көңіл айтамын. Нақты не болғанын ешкім білмейді, дегенмен мұндай жағдай болмауы тиіс", - деді алматылық әйелі.

Сонымен қатар, Астана тұрғындары да Ресей елшілігі алдына гүл апарып жатыр. "Қазақстандық достарымызға алғыс айтамыз", - деп жазылды Ресей елшілігінің Facebook желісіндегі парақшасында.


Ресей елшілігінің Facebook желісіндегі парақшасынан алынды

 Видеосюжет


KGL9268 рейсі бойынга Airbus А321 ұшағы Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке 2015 жылдың 31 қазанында Астана уақыты бойынша таңғы 9.51-де ұшып кеткен. Лайнер радардан 23 минуттан кейін жоғалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети