Қазақстандықтар Ресейге шоп-тур ұйымдастыра бастады

19 Қаңтар 2015, 12:32
0
Қазақстандықтар Ресейге шоп-тур ұйымдастыра бастады - ©TengrinewsTV
©TengrinewsTV

Қазақстандықтар Ресейге шоп-тур ұйымдастыра бастады, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Петропавл тұрғындары кәсіптің жаңа түрін шығарды, олар рубльдің арзандауына байланысты көршілес Омбыға барып жаппай шоп-тур өткізіп жүр. 

Ресейге көршілес орналасқан елдердің азаматтары екі айдан бері валюта бағамының айырмашылығын падаланып сауда кезінде үнем жасау үшін бұл елге жиі баратын болған. Ал Петропавлдың пысық тұрғындары жеке көліктері жоқ Омбылықтар үшін шоп-тур ұйымдастыруға шешім қабылдаған. Осындай сапарды ұйымдастырып жүрген 23 жастағы Сергей Абрамовтың айтуынша, бұл олардың төртінші сапары. Шоп-тур автобусы 18 адамға есептелген, ал тауар салынған сөмкелерге бүтін бір тіркеме арналған. Сергейдің айтуынша, шоп-тур ұйымдастыру туралы ой ол өзі Омбыға сауда жасауға барғаннан кейін туған және жерлестерінің бұған қатысты ниеттерін білген. 

Петропавл тұрғындарының айтуынша, Ресейден тауар сатып алу әлі де тиімді. Қазақстандықтар әсіресе киім-кешек, жиһаз бен тұрмыстық техниканы көптеп сатып алып жатыр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай