20 қараша 2017 18:33

Қазақстандықтар sms арқылы балаға есім бере алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Жаңа қызмет түрі қазақстандықтарға жаңадан туған нәрестеге sms-хабарлама арқылы есім беруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жаңа қызмет түрі қазақстандықтарға жаңадан туған нәрестеге sms-хабарлама арқылы есім беруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бала туған сәтте оның ата-анасына автоматты түрде баланың туу туралы куәлігін алу үшін аты-жөнін көрсету ұсынысы sms-хабарландыру арқылы келеді. Сонымен қатар осы қызмет арқылы бірден балабақшаға мекен-жайы бойынша кезекке тұрады", - деді Дәурен Абаев Мәжілістегі үкімет сағатында. 

Бұл жоба келесі жылы енгізіледі деп жоспарланған. 

Осының арқасында бірнеше қызмет түрі көпсетіліп, жас аналардың жәрдемақы алуы үшін жағдайды жеңілдетеді. 

"Бізге Денсаулық сақтау министрлігінен әйел адамның бала туғаны туралы мәліметтер түсіп отырады, ары қарай біз баланы тіркеуге алып, оған жәрдемақы тағайындап, баланы балабақшаға кезекке қоямыз. Кейін баланың ата-аналары тек ХҚКО-на барып туу туралы куәлікті алып кетуі тиіс. Бірақ бұл тек телефон нөмірі электронды қолтаңбаға бекітілген жағдайда ғана істелінеді", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети