26 сәуір 2015 17:33

Қазақстандықтардың 80 пайызынан астамы сайлауда дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың 80 пайызынан астамы сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопковаға сілтеме жасап.


Қазақстандықтардың 80 пайызынан астамы сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопковаға сілтеме жасап.

Брифинг кезінде Охлопкова дауыс берушілер жайында мәліметті жария етті. Астана уақыты бойынша сағат 16.00 жағдайында дауыс беру құқығын жалпы дауыс берушілердің 82,11 пайызы пайдаланған. 

Өңірлерде сайлауға қатысу бойынша келесідей көрсеткіш ұсынылды: Ақмола облысы - 85,72 пайыз, Ақтөбе облысы - 78,58, Алматы облысы - 84,95, Атырау облысы - 87,25, Шығыс Қазақстан облысы - 89,45, Жамбыл облысы - 86, 04, Батыс Қазақстан облысы - 79,01, Қарағанды облысы - 84, Қызылорда облысы - 87,45, Қостанай облысы - 86,75, Маңғыстау облысы - 76, 15, Павлодар облысы - 82, 85, Солтүстік Қазақстан облысы - 86, 93, Оңтүстік Қазақстан облысы - 87, 30, Астана - 70,61, Алматы - 62, 54.

Осыған дейін Орталық сайлау комиссиясы Астана уақыты бойынша 14.00 жағдайында дауыс берушілердің 68,48 пайызының дауыс беруге қатысқанын хабарлаған болатын. 

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілінің айтуынша, сайлау комиссиясының немесе мемлекеттік органдардың тарапынан қандай да бір заңбүзушылық тіркелмеді. ОСК брифингінде Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізу кезінде кейбір ереже бұзу деректері анықталды, сонымен қатар, қоғамдық пікірдің қорытындылыларын жариялау дерегі болды, оларға ескерту мәндегі шара қолданылды.

Сайлау учаскелері бүгін таңғы 7.00-де ашылды, олар жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін істейді. Қазақстанда 9741 сайлау учаскесі ашылды. Күннің екінші жартысында, брифинг кезінде ОСК мүшелері Астана мен Алматыдағы сайлаушылардың өзгелерге қарағанда аз екендігіне түсінік берді.

Айта кетейік, күннің екінші жартысында елордада президенттікке үміткер үш адам дауыс берді: қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, коммунистік партияның атынан шыққан Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов. Бұл уақытта Астанада қазақстандық көптеген саясаткерлер дауыс беруге келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети