27 сәуір 2015 10:44

Қазақстандықтардың 97,7 пайызы Назарбаевқа дауыс берді - ОСК алдын ала мәліметі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.


Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.

"Бізге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, республика бойынша сайлаушылардың дауысы мынадай: Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлына сайлаушылардың 0,7 пайызы, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына 97,7 пайызы, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлына 1,6 пайызы дауыс берді. 14 облыс пен Астана мен Алматы қалаларынан түскен хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясы заңнамаға сәйкес екі күн рәсімдейді. 2015 жылы 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының президенті сайлауының нақты қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы "Сайлау туралы" Заңға сәйкес, сайлаудан кейінгі 7 күннің ішінде, яғни 2015 жылдың 3 мамырынан кешіктірмей анықтауы тиіс", - деп хабарлады Тұрғанқұлов.

Оның мәліметінше, сайлаушылардың қатары 95,22 пайызға тең болды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мәлімдеуінше, аймағы жағынан Астанаға қарайтын шетелдік учаскелердің есебінен астаналықтардың сайлауға келу көрсеткіші ұлғайып, 97,18 пайызға жетті. Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың сайлаудағы белсенділіктерін атап өтті. "Бұған дейін айтқанымыздай, тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет сайлаушылар өздерінің азаматтық позицияларын көрсетіп, еліміздің дамуы үшін саяси белсенділік танытты", - деді Тұрғанқұлов.

26 сәуірде Қазақстанда президенттің кезектен тыс сайлауы болды. Еліміздің барлық өңірінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін сайлау учаскелері жұмыс істеді. 26 сәуір күні сағат 21.00-де Орталық сайлау комиссиясы учаскелердің жабылатынын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың саны 95 пайыздан асты. Қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті сайлауында, exit poll мәліметінше, 97,5 пайыз дауыс жинады. Әбілғазы Құсайыновқа сайлаушылардың 0,63 пайызы, ал Тұрғын Сыздықовқа қазақстандықтардың 1,87 пайызы дауыс берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети