Қазақстандықтардың басым бөлігі McDonald's-тың елімізге келуіне қарсы

28 Наурыз 2014, 18:11
0
Қазақстандықтардың басым бөлігі McDonald's-тың елімізге келуіне қарсы - Фото news.rambler.ru сайтынан алынды
Фото news.rambler.ru сайтынан алынды

Жылдам тамақтану мейрамханаларының саны жағынан әлемдегі ірі компаниялардың бірі - McDonald's Қазақстанда өз бөлімшелерін ашпақ, - деп хабарлайы Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының кәсіпкерлік және өнерксәсіп басқармасына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Астанадағы "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы да растады. "Қазірдің өзінде тиісті келісімшарттар да бар", - дейді орталық өкілдері. Әлеуметтік желіде McDonald's-тың ресми акаунттары да пайда болды. Ондағы мәліметке сәйкес, компанияның алғашқы бөлімшесі алдымен Алматыдағы Арбатта мамырдың 1-і күні ашылса, наурыздың 1-інде елорданың "Хат Шатырында" қызмет көрсете бастайды.     

Алайда халықтың басым бөлігі  McDonald's-тың Қазақстанда ашылуына қарсы. Осы уақытқа дейін ғаламторда пікір қалдырған азаматтардың дені фаст-фудтың пайдасынан гөрі зияны көп екені, оның бала денсаулығына кері әсер ететіні туралы жиі жазуда. Осы орайда айта кеткен жөн, АҚШ Ресейге қатысты бірқатар санкция енгізгеннен кейін орыстар McDonald's дүкендерін жабуды ұсынды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай