07 қараша 2019 14:56

Қазақстандықтардың төрттен бірі зиян және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді - сауалнама

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен "Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету" тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды, - депхабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елордада Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен "Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету" тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды, - депхабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Семинарға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, "Атамекен" ҰКП, ҚР Еңбекминні "ЕҚРҒЗИ" РМКК-ның, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазақстан темір жолы" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ және BI Group холдингінің өкілдері қатысты.

"Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету - бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі. Ағымдағы жылы "Қауіпсіз жұмыс" ақпараттық науқаны аясында біз "Атамекен" ҰКП, Кәсіподақтар федерациясы және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өңірлерде 4 кластерлік семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бірлескен күш-жігеріміз ғана кәсіби қауіптерді азайта алады ", - деді Төлеген Оспанқұлов іс-шараның ашылуында.

Семинарда сөз сөйлеген ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы зиян еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын азайтудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні зиян және қауіпті еңбек жағдайларында Қазақстанның 497 мың қызметкері жұмыс істейді, олар үшін жұмыс берушілер қызметкердің табысынан 5 пайыз мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударатынын атап өтті.

"Статистика жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері бойынша, 2018 жылы сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 1,6 миллион қызметкерінің 373 мыңы немесе төрттен бірі зиян және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылған. Өткен жылы 676 мың жұмысшы зиян еңбек жағдайындағы жұмысы үшін әр түрлі өтемақы алды. Бұл үшін жұмыс берушілерге 116,3 миллиард теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп", - деді Оспанқұлов.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Гүлнар Жұмагелдиева қатысушыларға республика кәсіпорындарында жүргізіліп жатқан әлеуметтік бақылау туралы айтып берді.

"Атамекен" ҰКП Адами капиталды дамыту және әлеуметтік кәсіпкерлік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Доскенов "Атамекен" ҰКП-ның қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығмеджан Мақажанов семинар қатысушыларына қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету туралы хабарлады.

Іс-шараны қорытындылай келе, Төлеген Оспанқұлов қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша тиісті нақты ұсынымдар берді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға айтарлықтай қаржы бөлетін BI Group холдингіне барды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылды "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы" деп жариялаған болатын. Осыған байланысты республикада аталған тақырыпқа арналған бірнеше іс-шаралар өткізіледі. Бұл семинар солардың бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети