11 сәуір 2014 17:51

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары депозитке салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін Ақордада өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын тиімді пайдалану стратегиясын даярлауды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлттық банк теңге нарығын дамытуға күш салуы қажет. Бұл - қаржы саласын долларсыздандырудың жолы. Осы орайда тағы бір ішкі қаржы көзі - Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының ақшасын тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан Ұлттық банк пен Үкіметке маусымның 1-іне дейін қор активтерін тиімді пайдалану, оның ішінде, банктерде ұзақмерзімді депозиттерге орналасатыру сияқты тетіктерді қарастырып, тиісті құжатты даярлауды тапсырамын", - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, жақында барлық зейнетақы қорларының салымдарын Бірыңғай жүйеге жинақтау жұмысы аяқталған болатын. Бүгінде аталған қордағы салымдардың жалпы соммасы 3,9 триллион теңгеге жетті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети