25 мамыр 2017 14:33

Қазақстандықтарға шетелде және елімізде демалыс қымбаттай түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстандықтар үшін демалыс 27 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Қазақстан ішіндегі демалыс 14 пайызға қымбаттаса, шетелде демалу бағасы бірден 46 пайызға қымбаттап кеткен.


Қазақстандықтар үшін демалыс 27 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Қазақстан ішіндегі демалыс 14 пайызға қымбаттаса, шетелде демалу бағасы бірден 46 пайызға қымбаттап кеткен.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы қазақстандық демалуға орта есеппен 49,5 мыңге жұмсаған. Ал оның алдыңғы жылы, яғни 2015 жылы қазақстандық демалуға орта есеппен 39 мыңге теңге жұмсайтын.

Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, шетелде демалу құны айтарлықтай қымбаттаған. 2016 жылы шетелде демалып келуге 1 адамға 144 мың теңге кеткен. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 46 пайызға жоғары екен.

"Қазақстан ішінде демалуға кететін шығын қатты қымбаттаған жоқ, бірақ өзгерістер бар. 2016 жылы қазақстандық өз елінде демалуға 31 мың теңге жұмсаған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 14 пайызға қымбат. Алайда ел ішінде демалған қазақстандықтарға азық-түлік өнімдеріне көп ақша жұмсау керек болған. 2015 жылы тамақтануға орта есеппен 5-6 мың теңге жұмсалса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 6-7 мың теңгеге жеткен", - деді мамандар.

Сондай-ақ, демалыс кезінде көлік құралдарына кететін шығынның көбейгені айтылады. Көлік мәселесі жалпы демалуға кететін шығынның 17,6 пайызын алады екен. Мамандардың айтуынша, қонақүйдің де бағасы 65 пайызға қымбаттап, орта есеппен 18 мың теңгеге жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети