11 ақпан 2015 14:16

Қазақстандықтарға теңге бағамының өзгеруі туралы қауесеттерге сенбеуге кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды теңге бағамының өзгерісі туралы қауесетке сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды теңге бағамының өзгерісі туралы қауесетке сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін Ұлттық банктің төрағасы бұл мәселелерді шешу үшін барлық шаралар жасалып жатқанын баяндады. Оған сенбеуге негіз жоқ", - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

"Мен өткен жолы мұндай қиын сәтте арандатулар, инсинуациялар, шабуылдардың пайда әкелмейтінін және оларды жауапкершілікке тарту керек екенін ескерткенмін. Мен Қазақстан халқына тағы да жария етемін: біз ештеңені жасырмаймыз, қиындықтар болса халықпен бірге өткереміз және оның келе жатқанын айтамыз, ал ештеңеге жауап бере алмайтын, тілмен сайрай беретіндер айта алмайды", - деді ол.

Мемлекет басшысы бұл мәселеде қауесетке емес, ресми тұлғаларға сенуге шақырды. "Егер тіпті мұндай ауытқушылықтар болса да, халқымыздың салымын сақтау үшін сақтандырулардың барын сіздер білесіздер. Керек болса - сақтандырамыз. Депозит салымшыларының 98 пайызы сақтандырылады", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети