20 тамыз 2015 17:30

Қазақстандықтарға теңгені шетел валютасына ауыстырып алуға мүмкіндік бердік - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еркін ауытқу бағамына экспортшылардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініші бойынша өтудің ұйғарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еркін ауытқу бағамына экспортшылардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініші бойынша өтудің ұйғарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Өту уақыты дұрыс таңдалды ма деп сұрасаңыздар, біз бәріміз ойландық, мүмкіндік бердік, тікелей айтсақ, салымшыларымызға өз теңгелерін валютаға ауыстыруға мүмкіндік бердік. Қолынан келгендері Ресейден арзан тауар сатып алды. Бұл біздің адамдарға пайдалы да шығар. Бірақ онда сатып алуға болады, ал біздің автомобильдеріміз сатылмайды, бұл зауыттарда жұмыс істейтіндер жалақы алмайды. Сондықтан мәселенің екі жағын ойлау керек. Үкімет пен Ұлттық банк шешімді экспортшылардың, "Атамекен" Ұлттық палатасының әрі еліміздің шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініші бойынша жасады", - деді Мемлекет басшысы Ақордадағы жиын кезінде.

Оның айтуынша, елдің жағдайдан шығуға үш жолы болды - ең қолайлысы еркін ауытқу бағамына өту болды. "Бізде үш жол болды - не ештеңе істемеу, жағдайдың жақсаруын күту, алайда мұндай саясаттың кесірінен елдің өндірісі қысқаратын еді, оның үстіне жұмыс орындарынан айырылып, валютамызды, резервті жұмсар едік. Екінші нұсқа - теңге бағамының дәліз аясында бірқалыпты әлсірету, бұл саясатты осы күнге дейін Ұлттық банк жүргізіп келді, мұндай нұсқаның алтын-валюта резервіне келтірер шығыны көп. Бұл бәсекесіздік пен жалпы үлкен шығынға ұрындырады. Сондықтан ойлана келе, барлық мүмкіндікті қарастыра келе, еркін ауытқу бағамына, инфляциялық таргеттеуге өту туралы шешім қабылданды. Үкімет пен Ұлттық банк бүгін еркін ауытқу бағамына өту туралы жария етті. Яғни бағам анықталады. Тікелей айту керек - бұл мәжбүрлі шара, басқа жолы болмады. Дағдарыс әрқашан түзетулер енгізеді", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети